Тәжікстанда міндетті неке шартын енгізуді ұсынды

Тәжікстанда міндетті неке шартын енгізуді ұсынды

Тәжікстанда міндетті неке шартын енгізуді ұсынды
ашық дереккөзі
Тәжік депутаттары міндетті неке шартын енгізуді ұсынды. Бұған республикада ажырасу көрсеткішінің артуы мен әйелдердің көп жағдайда мүліксіз қалуы түрткі болды.
Осындай бастама өткен жылы парламентте көтерілген. Кейбір депутаттардың тәжік қоғамы мұндай өзгерістерге дайын емес деген пікіріне қарамастан, сарапшылар заң жобасы қабылданады деп болжайды. Мемлекеттік әйелдер комитеті ажырасқан әйелдердің елде күн көруі қиындап кеткенін алға тартты. Тәжік билігі ер азаматтардың құқықтары да сақталады деп отыр. Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, 2016 жылы республикада шамамен 9 мың отбасы ажырасқан. Бұл - 2015 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға көп. Тәжікстанда жас отбасылар көбіне ата-анасының қолында тұрады. Отбасылық соттар баланың әкесін алимент төлеуге міндеттегенімен, ол көп жағдайда орындала бермейді. Тәжікстандағы ер азаматтардың көбі Ресейде заңсыз еңбек мигранты болып жүргенін ескерсек, олардың табысын сотта анықтау қиынға соғып отыр.