Петропавлдық оқушы "Синий киттің" құрбаны бола жаздады

Петропавлдық оқушы "Синий киттің" құрбаны бола жаздады

Петропавлдық оқушы "Синий киттің" құрбаны бола жаздады
ашық дереккөзі
Жеткіншектерді суицидке итермелейтін ойынның құрбандары көбеюде. Петропавлда мектеп оқушысы "Синий кит" ойынын ойнап, өз-өзіне қол жұмсамақ болған деп хабарлайды Астана арнасы. "Мен ойынға қатысқым келеді, мен ойындамын, мені 4:20-да оят".  Бұл «Синий кит» деген өлімге қадам жасайтын ойынның белгілерін білдіретін сөздер. Петропавлда "китпен" ойнаған 16 жасар жеткіншек "Тихий дом" деп аталатын топтың жетекшісі берген тапсырманы 50 күн бойы орындап, ақырында өмірмен қоштасуға бел буған. Абырой болғанда, дәрігерлер бойжеткенді ажалдан құтқарып қалды. Қазір ол психоневрологиялық диспансерде. "Біз былтыр бас прокуратура арқылы жастарды суицидке итермелейтін 41 сайтты жауып тастадық. Биыл бес сайттың жұмыс істеуіне тосқауыл қойдық. Мұндай әлеуметтік контенттерді анықтауда еріктілер жұмылдырылды. Қазір арам пиғылды сайттарды анықтауда белсенді жұмыс істеп жатырмыз", - дейді СҚО прокурорының аға көмекшісі Раушан Кожахметова. Жастарға қауіп төндірген ойынға қарсылық ретінде «Мен өмірді таңдаймын!» акциясы басталып кетті. Барлық мектеп оқушыларын ойыннан сақтандыру шаралары жүргізілуде.