Лара Фабиан Димашты кездесуге шақырды

Лара Фабиан Димашты кездесуге шақырды

Лара Фабиан Димашты кездесуге шақырды
ашық дереккөзі
Қытайда «I am a singer» байқауына қатысып, көрерменнің көзайымына айналған отандасымыз Димаш Құдайбергеновті әлемге танымал әнші Лара Фабиан кездесуге шақырды.
Бұл туралы Димаштың досы әрі ресми өкілі Алпамыс Шаримов хабарлады. «Бүгін бізде қуанышты жаңалық! Димаштың әнін ғаламтордан тыңдаған атақты әнші Лара Фабиан әдемі тілектерін білдірді. Димаштың дауысына таңқалысын жасырмай, кездесуге шақырды!», - деп жазды Алпамыс өзінің Инстаграмдағы парақшасында. Оларға Л.Фабианның сазгері Флабиен хабарласып, Ларамен Уатсап мессенджері арқылы сөйлескен диалогын жіберген. Алпамыс Шаримов кездесу жайлы келіссөздер жүріп жатқанын және бұл диалогты Флабиеннің рұқсатымен жариялап отырғанын атап өтті: Флабиен: Қазақстандық мына әнші жігітті естіп көрдің бе? Лара: Иә, таңқаларлық! Флабиен: Оның дауыс мүмкіндігінің кеңдігі өте ғажайып! Лара: Ән орындау шеберлігі өте биік деңгейде! Мықты дауыс! Флабиен: Онымен кездессек қалай болады? Лара: Неге кездеспеске?