Трамп: иммигранттар америкалық құндылықтарды бағалауы тиіс

Трамп: иммигранттар америкалық құндылықтарды бағалауы тиіс

Трамп: иммигранттар америкалық құндылықтарды бағалауы тиіс
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп еліне америкалық құндылықтарды бағалай білетін адамдардың кіруіне ғана мүмкіндік жасауға тырыспақшы. Вашингтонда жыл сайын 2 ақпанда өтетін дұға жасау таңғы асы кезінде Трамп бұл ең бастысы "діни және жеке бостандыққа" қатысты деді.
Президенттің сөздерінше, Америка қоғамында діни сенімге байланысты алауыздық туғызуға жол жоқ, бірақ елдің азаматтары өздерін қауіпсіз сезінуі қажет. Трамп сонымен бірге "әлемдегі ең кеңпейілді иммиграциялық жүйе" Америкада екенін, бірақ кейбір адамдар осы жүйені "зорлық-зомбылық көрсету үшін пайдаланғылары келеді" дейді. АҚШ президенті елге зиян келтіргісі келетін адамдардан сақтайтын жүйе құрамын деп уәде берді.