Тур Дубай-2017 жасырында қарсыласын ұрған Astana велошабандозы командасын жерге қаратты

Тур Дубай-2017 жасырында қарсыласын ұрған Astana велошабандозы командасын жерге қаратты

Тур Дубай-2017 жасырында қарсыласын ұрған Astana велошабандозы командасын жерге қаратты
ашық дереккөзі
         Astana командасының велошабандозы, украиналық Андрей Гривко Тур Дубай-2017 жарысының үшінші кезеңінде қарсыласы Quick Step Floors командасының спортшысы Марсель Киттельді ұрып, командасын жерге қаратты. Келеңсіз оқиға туралы velolive.com. сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Мәреге жетісімен Киттель Андрей Гривконың жазаға тартылуын және жарыстан шеттетілуін талап етті. Өз спортшысының қылығы үшін Astana командасы Марсель Киттель мен оның командасынан жұрт алдында кешірім сұрады, деп жазды velolive.com. «Мені Astana командасындағы Андрей Гривко ұрды. Сондықтан менің бетімді қан жуып кетті, бірақ құлаған жоқпын. Жел бір қырымыздан соққанда позиция үшін талас басталды. Мен оның командалас жолдастарының бірімен қатар келіп қалдым. Оған бұл ұнамады. Оны айналып өтпек болғанымда, Гривко мен оның командалас жолдасының арасында қалып, Гривконы сәл итеруге тура келді. Мен жас шабандозбен тілдескім келді, ал ол менің бетімнен салып қалды», - деп мәлімдеді Киттель.   Киттель бұл оқиғаның 40-тан астам куәгері бар екенін атап өтті. «Әр нәрсенің шегі бар, егер дау туындаса, бұл туралы айту керек. Бірақ, біреуге зақым келтіруге еш кешірім жоқ», - деді ол. Ал Андрей Гривко Фейсбуктағы парақшасында оқыс оқиғаны былай түсіндірді: «Киттельдің өзі мойындаған позиция үшін таласта ол менің командалас жолдасым Дмитрий Груздевті иығымен қағып алға ұмтылды. Кейін мені қағып, жол үстінде үлкен қауіп тудырды. Оның бұл қылығынан жалғыз мен емес, бүкіл артта келе жатқандар құлар еді. Оның басқыншылық әрекетіне мен де агрессиямен жауап бердім. Өзге спортшылардың өмірі мен денсаулығына қатер тудырған бұл өзімшілдіктің велоспортпен ортақ ештеңесі жоқ, - деді велошабандоз. - Алайда, мен тағы да жарыс ұйымдастырушыларынан, жанкүйерлерден және әрине өз командамнан жағымсыз оқиға үшін кешірім сұраймын».