Гитлердің соғыста пайдаланған телефоны 300 мың долларға сатылмақ

Гитлердің соғыста пайдаланған телефоны 300 мың долларға сатылмақ

Гитлердің соғыста пайдаланған телефоны 300 мың долларға сатылмақ
ашық дереккөзі
    Адольф Гитлер пайдаланған телефон сатылымға шығарылмақ. Американың Alexander Historical Auctions аукцион үйі Екінші дүниежүзілік соғыстың «жәдігерін» 200-300 мың долларға бағаланып отыр деп хабарлайды Baq.kz. Сатылымға шығарылған телефон бұған дейін Берлиндегі Гитлер бункерінде тұрған және Екінші дүниедүзілік соғыстың соңғы екі жылында ғана пайдаланылған екен. 1975 жылдың мамырында кеңес сарбаздары оны британиялық байланыс офицері Ральф Рейнерге тарту еткен. 1977 жылы Рейнер қайтыс болғаннан кейін, телефон оның ұлы Рейнульфке мұра болып қалды. «Әкем мұны ешқашан Гитлерден қалған жәдігер деп санаған емес. Бұл телефон осыншалық бағалы дүниеге айналады еш ойламаған», - дейді Рейнульф Рейнер. Телефон 19 ақпанда Мэриленд штаты, Чесапик-ситидегі аукционға шығарылмақ.