Оқушыларды семіздіктен аулақ қылатын жаңа бағдарлама енгізілмек

Оқушыларды семіздіктен аулақ қылатын жаңа бағдарлама енгізілмек

Оқушыларды семіздіктен аулақ қылатын жаңа бағдарлама енгізілмек
ашық дереккөзі

Елімізде мектепке дейінгі жастағы балалардың 16%-ы етжеңділіктен және басқа да сырқаттардан зардап шегетіні белгілі болды. Ал 15 жасқа қарай созылмалы ауруларға шалдыққан балалардың қатары 20%-ға жетіп отыр. Жағдайды жақсарту үшін ғалымдар «Баламан» бағдарламасын жасап шығарды деп хабарлайды 24.kz.

«Баламан» бағдарламасы – бұл Қазақстан мектептеріне кезең-кезеңімен енетін дұрыс тамақтану мен дене шынықтыруды насихаттаудың біртұтас жүйесі. Бастапқыда қанатқақты жоба Астана мен Алматыдағы екі мектепте сынақтан өткізілмек.

Гүлнәр Айтқұлова, қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

– Алатау ауданында екі мектеп белгіленген. Сол мектеп осы бағдарламаға сәйкес өз жоспарларына өзгерістер енгізеді. Ең бірінші, бұл жерде мектептің әкімшілігінен, мектептің ұстаздары және бүкіл мектептің қызметкерлері оқудан өтеді. Және де бұл бағдарламада бірінші кезеңде бастауыш сыныптың балалары қатысады.

Мектептің дене шынықтыру және басқа да пәндердің мұғалімдері үшін арнайы тренинг ұйымдастырылады. Ғалымдардың пікірінше, саламатты өмір салтын насихаттаудың жаңа тәсілінің дәстүрлі әдістемеден айтарлықтай айырмашылығы бар.

Мұрат Әбен, қоғам қайраткері:

– Бұл саланы тек медицина саласының қолына беріп қойып, ауыртсаң –  ауыртыңдар, емдесеңдер – емдеңдер деп, қымбат дәріні сатам десеңдер – сатыңдар деп қоятын болсақ, біз нәтижеге жетпейміз. Және өзімізге қарап тұрсақ, аурушаңдық бойынша бізде проблема өте көп.

Бағдарлама авторлары дұрыс тамақтанумен қатар белсенді және ұзақ өмір сүруге ұмтылуға ықпал ететін жаңа бағдарлама қоғамда қолдауға ие болады деген сенімде.