"Қазына" баспасының балаларға тартуы

"Қазына" баспасының балаларға тартуы

"Қазына" баспасының балаларға тартуы
ашық дереккөзі
Жуырда «Ана тілім – алтын қазынам» жоба­сының аясында жеткіншектерге арналған таным­дық жеті кітапша жарыққа шықты. Жұқа болса да, жүгі жеңіл демес едік. Ортақ бір қаптамаға салынған жеті кітапшада жеті түрлі тақырыпқа қатысты сан қилы атаулар топтастырылған. Сөздік қоры шетелдік «мультиктер» арқылы «байып» жатқан балдырғандарға ұлттық таным-түсінігімізге қатысты түрлі атаулар ұсынылып, әрбір атауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қысқа-нұсқа анықтама берілген. Әр атау тілге жеңіл тақпақтармен, жаңылтпаш, жұм­бақтар арқылы суреттеліп, түрлі-түсті әсем фотосуреттермен безен­діріліпті. «Қазына» баспасының балдыр­ғандарға ұсынған қазынасына топтастырылған кітапшалар «Жануар­лар», «Құстар», «Балық­тар», «Жәндіктер», «Ағаштар», «Туыстар», «Менің денем» деп аталады. Әрқайсысында балалар түгілі, ересектердің өзі біле бер­мейтін деректер жетерлік.