9 мәдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енді

9 мәдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енді

9 мәдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының кезекті отырысы өткен жылы Қызылорда облысында ұйымдастырылған болатын. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне облыс аумағындағы Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдени ескерткіштері және Сауысқандық петроглифтері енгізілген. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Сонымен қатар, Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өткізіліп, нәтижесінде биылғы жылы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетін объектілердің ауқымы кеңейтілген. Осы жылы Жент, Сортөбе, Кердері кесенелеріне де қазба жұмыстары жүргізілетін болды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мира Әбуова  жыл соңында Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ескерткіштерге мәртебе беру жөніндегі арнайы комиссия отырысы ұйымдастырылғанын айтып өтті. Отырыста облыстағы 9 ескерткіш республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.