Түркия президентінің құзыреті кеңеймек

Түркия президентінің құзыреті кеңеймек

Түркия президентінің құзыреті кеңеймек
ашық дереккөзі
Түркия билігі президенттік басқару жүйесіне бетбұрыс жасады. Ел парламенті тиісті заң жобасын бірінші оқылымды қабылдады, деп хабарлады РИА Новости.
 Конституцияға түзетулерді парламент қарауына Әділдік және даму басқарушы партиясы енгізген болатын. Түзетулер Түркия қарулы күштері және барлау бас штабын жеке бақылауды мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанға береді. Бүгінде олар премьер-министрге бағынады. Түзетулерді нақты қабылдаған жағдайда, ел президенті жарлықтар шығаруға, министрлер тағайындауға, конституциялық өзгерістер туралы мәселені референдумға шығаруға құқық алады.
Айта кетейік, парламенттік басқару нысаны 1923 жылы Түркия Республикасы құрылған сәттен бастап әрекет етеді.