Елбасы Біріккен Араб Әмірліктеріне барады

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктеріне барады

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктеріне барады
ашық дереккөзі
Ақорданың баспасөз қызметі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады. Қазақстан президенті 15-16 қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде болады. Сапар барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар өкілдерімен келіссөздер өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездеседі. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті жұмысына қатысуы жоспарланып отыр.