Астанада селфи жасайтын саябақ ашылады

Астанада селфи жасайтын саябақ ашылады

Астанада селфи жасайтын саябақ ашылады
ашық дереккөзі
Елордада селфи жасауға арналған саябақтар пайда болады. «Крыша» порталының ақпараты бойынша,  селфи үшін арнайы мүсіндер қойылған үш жаңа саябақ салынады, деп хабарлайды abctv.kz. Оның алғашқысы әрі ең  үлкені Жеңіс даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысында болады. Аумағы – 3 мың шаршы метр. Дәл осындай сквер (аумағы сәл кішірек – 2 мың шаршы метр) Сарыарқа даңғылының бойынан да орын тебеді. Учаскелердің үштен бір бөлігі көгалдандырылады. Қалған бөлігіне жол төселіп, орындықтар және түрлі  қондырғылар қойылады. Ал саябақ аумағында суретке түсу үшін  биіктеу орындар  қарастырылғалы отыр. Жобаның мазмұны бойынша,  безендірудің тақырыбы  музыка болмақ.  Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасынан жуырда ғана  сараптамадан өткен құжаттамада селфи үшін контрабас, рояль және тағы басқа да  аспаптар қарастырылған. Үшінші саябақ Молдағұлова көшесі бойында Жеңіс даңғылы мен Потанин көшесі арасындағы учаскеде ашылады. Ол  кішкентай балалардың демалысына лайықталып жасалады.