"Қылмыс әлемінің басшысы" Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына келді

"Қылмыс әлемінің басшысы" Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына келді

"Қылмыс әлемінің басшысы" Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына келді
ашық дереккөзі
"Қылмыс әлемінің басшысы" деп аталып кеткен Салим Абдувалиев Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл президент Шавкат Мирзияев жасаған кадрлық өзгерістерден кейін белгілі болған.
Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып «Өзбекмұнайгаз» ұлтық компаниясының басқарма басшысы Алишер Султанов сайланған. Өзбекстанға танымал кәсіпкер Салим Абдувалиев болса, оның орынбасары болып тағайындалған. 2011 жылы Wikileaks сайтында жарияланған дипломаттардың хаттарында 2004-2007 жылдары Ташкентте АҚШ елшісі болып қызмет атқарған Джон Пурнелл Салим Абдувалиевті Өзбекстандағы «қылмыс әлемінің басшысы» ретінде сипаттаған. 2008 жылы Өзбекстанның қайтыс болған тұңғыш президенті Ислам Каримов Салим Абдувалиевті елдегі спортты дамытудағы еңбегі үшін арнайы марапаттады. 1997 жылдан бері Салим Абдувалиев Өзбекстанның спорт күресі қауымдастығының президенті. Кейбір мәліметтерге қарағанда ол Олимпиада ойындарында Өзбекстанның құрама командасын қаржыландырады.