105 жастағы француз велосипедшісі рекорд орнатты

105 жастағы француз велосипедшісі рекорд орнатты

105 жастағы француз велосипедшісі рекорд орнатты
ашық дереккөзі

         Француз велосипедшісі Робер Маршан 1 сағатта француз ұлттық велодромынан 22,5 шақырым жүріп өтіп, өзінің жас санатында рекорд орнатты. Енді Маршан - 105 жастан асқан велосипедшілер арасында чемпион, деп хабарлайды Би-Би-Сиге сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

         100-105 жас аралығындағы аралығындағы чемпиондық атақ та 2012 жылдан бері осы Маршанға тиесілі болатын. «Мен мұнда чемпион болу үшін емес, 105 жастағы адамның да велосипед тебе алатынын дәделдеу үшін келдім», - деп мәлімдеді Маршан. Велосипедші өзін жақсы сезінетінін айтты. «Аяғым ауырып тұрған жоқ. Тек қолым аздап ауырады, онда да ревматизмнен», - деп сұхбат берді спортшы журналистерге.

         2012 жылы Маршан сағатына 26,9 шақырым жүріп,100 жастан асқан спортшылар санатында чемпион атанған еді. Өз жасында мұндай физикалық формада жүрудің сыры неде деген сұраққа Маршан дұрыс тамақтануда деп жауап берді. Ол жеміс-жидек пен көкөністерді, етті көбірек жеуге және мүлдем кофе ішпеуге кеңес берді. Робер Маршанның өзі күніне бір сағатын веложаттығу құрылығысына арнайды.

         Қарт спортшы 1911 жылы туған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол ұлтшылдарға тұтқынға түскен. Соғыс біткен соң, Венесуэланың қант құрағы плантацияларында, Канадада отыншы болып жұмыс істейді. Спортшы ретінде Маршан өз елінің атынан түрлі халықаралық гимнастикалық жарыстарға барған және бокспен шұғылданған.