Шымкент - Қазақстандағы ең ыңғайлы қала

Шымкент - Қазақстандағы ең ыңғайлы қала

Шымкент - Қазақстандағы ең ыңғайлы қала
ашық дереккөзі
Шымкент еліміздегі ең ыңғайлы қала атанды. Бұл қазақстандықтардың қалауы деп хабарлайды 24.kz. Тәуелсіз сарапшылар жүргізген сауалнамада көпшілік осындай таңдау жасаған.
Ұлы Жібек жолы бойында жатқан көне қаланың 25 жылда ауқымы кеңейіп, экономикасы өсті. Жасыл қаланың бас жоспары бекітіліп, аумағы 117 мың гектарға жетті. Іргелес жатқан үш ауданнан 40 елді мекен қаланың қарауына өтті. Сөйтіп халық саны да миллионға жуықтады. Шаһар бюджеті 1994 жылы 1 миллиард теңге болса, бүгінде 110 миллиард теңгеге жеткен. Инвестиция 200 миллиард теңгеге өскен. 75 мыңға жуық кәсіпкерлік субъект бар. Ширек ғасырда 4 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Ел экономикасының өсуі мен еңбекқор халықтың атқарған жұмысының арқасында қала еліміздегі алып мегаполистер қатарына кірді. «Ол рейтингті біз жасаған жоқпыз. Біз ешкімге оны тапсырыс та берген жоқпыз. Ешкімге өтініш те жасаған жоқпыз. Бізге үлкен тосынсый болды. Сондықтан ең ыңғайлы қалада тұрып жатырмыз деп мақтанып қойсақ болады барлығымызға», – дейді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.