Иран Президенті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Иран Президенті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Иран Президенті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
ашық дереккөзі
Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хатын жолдады, деп хабарлады Иран Елшілігі. «Жаратқан иенің атынан, аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев! Қазақстан халқы мен үкіметін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Екі мемлекеттің жауапты тұлғаларының күші мен алға ұмтылуының арқасында елдер арасындағы достық қарым-қатынас өзара мүдде аясында дами береді деп сенім білдіремін. Сізге, Жоғары мәртебелі мырза денсаулық, табыс, ал Қазақстан халқының гүлденіп, дами беруін тілеймін. Жаратқанан Сізге мықты денсаулық пен сәттіліктер, ал, Қазақстан халқына даму мен гүлденуді тілеймін! Құрметпен Иран ИР Президенті Хасан Рухани», – делінген құттықтау хатта.