Денсаулық сақтау және әлеуметтік еңбек қызметкерлері марапатталды

Денсаулық сақтау және әлеуметтік еңбек қызметкерлері марапатталды

Денсаулық сақтау және әлеуметтік еңбек қызметкерлері марапатталды
ашық дереккөзі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты шарада министрлік қызметкерлерін атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттік сыйлықтарды табыс етті.

Шарада сөз сөйлеген ол Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында айтарлықтай табыстарға жеткенін атап айтты.

«Барлығымыз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қиындықтардың аз болмағанын білеміз. Көптеген кәсіпорындар жабылып, елімізде жұмыссыздық деңгейі 13,5% болды, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласын қаржыландыру әлдеқайда төмен еді. Бүгінде Қазақстан әлемнің 50 дамыған мемлекеттері қатарына кіреді. Біз азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа ұлғайттық, негізгі аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендетіп, жұмыссыздық деңгейін 5%-ға азайттық, сонымен қатар, барша көмекке зәру азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсеттік. Мұның барлығы Мемлекет басшысының сындарлы саясатының нәтижесінде жүзеге асты. Біздің республикамызда барлық ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, әртүрлі салаларда адал әрі жемісті еңбек етуде. Әрқайсыларыңыз еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер», - деді Тамара Дүйсенова.

 Салтанатты шара барысында ҚР ДСӘДМ басшысы денсаулық сақтау мен әлеуметтік-еңбек саласының қызметкерлеріне «Парасат», II дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордендерін, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарын, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалін,  ҚР Құрмет грамоталарын табыстады. Екі адам «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда ҚР ДСӘДМ мамандары «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен; ҚР Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгілерімен; ҚР ДСӘДМ құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Жалпы алғанда 14 алғыс хат, 37 құрмет грамотасы, 6 төсбелгі, 79 медаль, 14 орден мен 2 құрметті атағы берілді.