Британия Түркияның ЕО-ға қосылуын қолдайды

Британия Түркияның ЕО-ға қосылуын қолдайды

Британия Түркияның ЕО-ға қосылуын қолдайды
ашық дереккөзі
Британия Еуроодақ пен Түркия қатынасының нығайғанын қалайды, деп мәлімдеді Британияның Америка және Еуропа істері министрі Алан Дункан. Бұл туралы Haberler.com жазады. «Еуроодақ сыртқы істер органы басшысымен кездесуде мен Түркиямен байланысты жаңа деңгейге көтеру керектігін айттым. Көпшілігі мені қолдады. Бірақ біз келісімшарттың мәтініне келісе алмадық», — деп жазады британдық министр Туиттердегі шағын блогында. Ал өз кезегінде Аустрия Британияның әлгі бастамасына қарсы. Таяуда Брюсселде ЕО Кеңесінің 2017 жылдың басым бағыттарына арналған жалпылама отырысы өтеді.