Депутаттар әндердің деңгейіне баға беретін Кеңес құруды ұсынды

Депутаттар әндердің деңгейіне баға беретін Кеңес құруды ұсынды

Депутаттар әндердің деңгейіне баға беретін Кеңес құруды ұсынды
ашық дереккөзі
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің атына депутаттық сауал жолдаған Кәрібай Мұсырман Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан ән өнері бойынша көркемдік кеңес құру ұсынысын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халқымыздың ән өнерінің өзекті мәселелерін шешу мақсатында бірқатар ұсыныстар жасаймыз. Яғни Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан ән өнері бойынша көркемдік кеңес құру қажет. Оның құрамына елімізге белгілі өнер қайраткерлері енгізілгені жөн. Көркемдік кеңес көпшілік сахналарда орындалатын және телерадио арналары арқылы таратылатын әндердің, әуендер мен өлеңдердің кәсіби деңгейін бағалауға, сондай-ақ халық әндері мен әйгілі композиторлардың әндерін бұрмалауға жол бермеуді қадағалауға тиісті»,-деді К. Мұсырман. Оның пайымынша, жаңа әндер жазуда белгілі композиторлар мен ақындар арасында тығыз шығармашылық байланысты орнату керек.
Телеарна мен радио арқылы халық әндерін, халық композиторларының асыл мұраларын және осы заманға белгілі композиторлардың шығармаларын кеңінен насихаттау қажет. «Дәстүрлі әндерді орындайтын дарынды әншілердің еліміздің үлкен қалаларының сахналарында жеке концерттерін жүйелі ұйымдастыру, сондай-ақ дәстүрлі әндер орындаушылардың өңірлік және республикалық байқауларын өткізу қолға алынса, нұр үстіне нұр», - деді депутат.