Олимпиада чемпионы ҚХА елшісі атанады

Олимпиада чемпионы ҚХА елшісі атанады

Олимпиада чемпионы ҚХА елшісі атанады
ашық дереккөзі
Бес дүркін Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чампионы, танымал кеңес гимнастшысы Нелли Ким Қазақстан халқы Ассамблеясынан әлем елшісі атанады. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз қызметінде ассамблея төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. «Неге мұндай тұлға ҚХА әлем елшісі болмасқа деген сұрақ қойылды. Мұны біз кеше талқыладық. Оның келісімін алдық. Ол АҚШ және Женевада ҚХА елшісі болады», — деп хабарлады Ералы Тоғжанов. Нелли Ким — белгілі кеңес гимнастшысы, екі дүркін Еуропа чемпионы, бірнеше дүркін КСРО чемпионы. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1976). Халықаралық гимнастика федерациясы техникалық комитетінің президенті. 1957 жылы Тәжікстанда туған. Нелли туғаннан кейін отбасы Шымкентке көшкен. Ата-анасы әлі күнге сол жақта тұрады. Шымкентте ол бапкер Владимир Байдинмен 10 жасынан бастап спортпен айналысқан.