Ресейдің жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Ресейдің жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Ресейдің жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
Ресейдің көп функциялы Су-33 жойғыш ұшағы "Адмирал Кузнецов" авиа тасығышына қонатын кезде Жерорта теңізіне құлады деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасаған «Азаттық». Ұшқыш катапультпен секіріп кетіп, құтқарушы тікұшақпен әкетілген. Ресей қорғаныс минитсрлігінің мәлімдеуінше, апат ұшақты крейсер палубасында тежеуге көмектесетін сым арқанның үзіліп кетуінен болған. Қарашаның ортасында Ресей қорғаныс министрлігі "Адмирал Кузнецов" қызмет ететін Миг-29 жойғыш тікұшағының апатқа ұшырағанын хабарлаған. Ведомство ұшақ крейсерге жақын теңізге құлағанын, ұшқыштың құтқарылғанын мәлімдеген. Ресейдің әскери-теңіз флотындағы жалғыз "Адмирал Кузнецов" авиа тасығыш крейсері Жерорта теңізінде жүр. 15 қарашада крейсерден Сириядағы нысандарға әуеден шабуыл жасала бастаған.