Әлихан Қаранеев – бильярдтан әлем чемпионы

Әлихан Қаранеев – бильярдтан әлем чемпионы

Әлихан Қаранеев – бильярдтан әлем чемпионы
ашық дереккөзі
Еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Әлихан Қаранеев 2016 жылғы «Еркін пирамида» бильярд спортынан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстанның бильярд спорты федерациясы хабарлады. Сонымен, Қазанда «Еркін пирамида» бильярд спорты бойынша өткен әлем чемпионаты Қазақстан үшін тамаша жетестікпен аяқталды. Жарысқа дүние жүзінің 18 елінен спортшылар қатысты. Құрамамыздың көшбасшысы, Алматыдан спортшы Әлихан Қаранеев финалда 7:6 есебімен Украина өкілі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Артур Пивченконы ұтты. Жарыс жолында ол Владислав Осьмининді (Ресей), Ярослав Тарновецкийді (Украина), Никита Ливаданы (Ресей), Сергей Крыжановскийді (Молдова) жеңді. Қазір Әлиханның қанжығасында жеке есепте әлем чемпионатында екі, командалық есепте әлем чемпионатының бір жүлдесі бар.