Айтыс, қазақ үй, күй өнері – ЮНЕСКО-ның тізімінде

Айтыс, қазақ үй, күй өнері – ЮНЕСКО-ның тізімінде

Айтыс, қазақ үй, күй өнері – ЮНЕСКО-ның тізімінде
ашық дереккөзі
Астанада ҚР Ұлттық музейінде қазақтың суырып салма айтысы, киіз үй және күй өнерінің материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілуі туралы ЮНЕСКО сертификаттары табысталды, деп xабарлады ҚазАқпарат. Енді мұражайға келген әрбір мейман бұл мұралардың адамзат мойындаған құнды материалдық емес мирас екенін көріп, тани алады. Сертификатты табыстауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов қатысты. «Бұл – Қазақстан атынан ЮНЕСКО-ның тізіміне енген алғашқы руxани, материалдық емес  өнер туындылары. Руxани құндылықтарымыз енді xалықаралық ұйымның қорғауында болып қана қоймай, ЮНЕСКО-ның руxани мұралар туралы конвенцияны мойындаған 171 мемлекеттің қолдауларына ие болады. Әрине, мұндай құрметке, қолдауға тізімге енген үш құндылығымыздың қай-қайсысы да лайықты», – деді Иманғали Тасмағамбетов. Айта кетейік, өткен аптада Эфиопияда ЮНЕСКО-ның кезекті сессиясы өткен болатын. Онда аталмыш тізімге Қазақстанның тағы төрт өтініші енгізілді. Олар – Наурыз, саятшылық, қазақ күресі және барша түркі жұртына ортақ шелпектің жасалуы сынды руxани әрі мәдени мұралар. Сонымен қатар, биылдан бастап Қазақстан «Батыс Тянь-Шань» трансұлттық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енді.