Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы Үкімет сағатында қаралған мәселелер

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы Үкімет сағатында қаралған мәселелер

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы Үкімет сағатында қаралған мәселелер
ашық дереккөзі
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистер қауымын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша заңда бір қарама-қайшылық бар екенін айтты, деп хабарлайды Вaq.kz.
 «Журналистерге үй беру мәселесін біз жан-жақты қарастырып жатырмыз. Бірақ заңда кішігірім қарама-қайшылық бар. Мәселен, мұғалімдер еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істесе де, олардың барлығы бюджет қызметкері саналады. Ал журналистердің бір бөлігі мемлекеттік БАҚ-та, кейбірі жекеменшік салада жұмыс істейді. Олардың бәрін заң жағынан біріктіру қиындық тудырып отыр», - деді ол.
Д.Абаев министрлік бұл мәселемен айналысып жатқанын, журналистерді баспанамен қамтудың бірнеше жолы қарастырылғанын атап өтті.«Егемен Қазақстан» секілді іргелі мекемелер бұл мәселені өздері шешетін болса, біз көмектесуге дайынбыз. Ал барлық журналистерге бюджеттік үй алып беру оңай шаруа емес», - деп түйіндеді министр.
 БАҚ-ты қолдауға мемлекет субсидия береді
Қазақстанда 3 мыңдай БАҚ тіркелген, соның 84%-ы газеттер мен журналдарға, 7 %-ы ақпараттық агенттіктерге, қалған үлес электронды БАҚ-қа тиесілі. Соның ішінде «Қазақ ТВ» телеарнасы үш тілде жиырма төрт сағат бойы бүкіл әлемге хабар таратады. Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісінде болған «Үкімет сағатында» айтты.
БАҚ-ты қолдау мақсатында мемлекеттен субсидия түрінде қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар газеттердің аналитикалық мазмұнын арттыру көзделуде. Ол үшін салалық журналистиканы дамыту қолға алынады. Сондай-ақ, журналистерді түрлі аудиторияға бағдарлау (аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық) жүйесі де жүзеге асырылып, «екінші сұрыпты» жарияланымдарды шектеу тәжірибесі жүргізіледі. Хабар таратудың сапасын арттыру мақсатында цифрлық технологияға көшу 2019 аяқталады   Биылғы жылдың аяғынан ол Маңғыстау облысында қолға алынбақ.«Сандық Қазақстан – 2020» бағдарламасын іске қосу мерзімі қаржыға байланысты тағы екі жылға шегірілді.
Сандық технологияларды енгізу жолымен экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасын 2017 жылы іске қосу жоспарланған еді. Министр қаржының жоқтығына байланысты бұл бағдарлама тағы екі жылға шегерілді деп отыр. «Қаржыға байланысты «Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасы екі жылға шегерілді. Бұл бағдарламаны 2017 жылдан емес, 2019 жылдан іске қосамыз. Ал биыл пилоттық жоба ретінде желтоқсан айында Маңғыстау облысынан бастап көреміз. Бұл облыс дайын отыр», - дейді Д.Абаев.