"Евровидение-2017" Мәскеуде өтуі мүмкін

"Евровидение-2017" Мәскеуде өтуі мүмкін

"Евровидение-2017" Мәскеуде өтуі мүмкін
ашық дереккөзі
 "Евровидение-2017" байқауы Украинада өтпеуі мүмкін. Конкурстың ұйымдастыру комитеті өнер додасын өткізетін орынды талқылау үстінде, өйткені Украина әлі ешқандай қаржылық кепілдік ұсынбаған. Ұйымдастыру комитеті байқауды Мәскеуде өткізу мүмкіндігі жөнінде келіссөздер жүргізуде. Bild басылымының хабарлауынша, Ресей – Украинаға балама ретінде қарастырылып жатқан негізгі ел. «Елестетіп көріңіздерші: Украина "Евровидение-2016" байқауында Ресейді сынға алған әнімен жеңіске жетеді. Алайда хостингке қаржы жетпеуіне байланысты "Евровидение-2017" Мәскеуде өтеді. Бұл Украина үшін ауыр соққы болмақ», - деп жазады басылым. Сарапшылардың есептеуінше, байқауды өткізу шығын 25 млн еуроға дейін жетуі мүмкін. Басылымның жазуынша, бұл сома Украина бюджетіне айтарлықтай салмақ түсіреді. Ал өз кезегінде Украина билігі ұйымдастыру комитетін қаржы көзі табылғанына, байқауды жоғары деңгейде өткізуге еш кедергі жоқ екеніне сендіруде.