Қытай "Титаниктің" көшірмесін жасамақшы

Қытай "Титаниктің" көшірмесін жасамақшы

Қытай "Титаниктің" көшірмесін жасамақшы
ашық дереккөзі
Қытайдың Сычуань қаласында 1912 жылы суған батқан «Титаник» лайнерін жасап жатыр, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. «Титаник» кемесін жасаумен «Wuchang Shipbuilding Industry Group» қытайлық кеме жасау компаниясы айналысуда. Кеме жасаушы мекеменің айтуынша, «Титаниктің» көшірмесінің сыртқы  бейнесі де, ішкі көрінісі де түпнұсқадағыдай болады. Дизайнерлер әрбір тетікті, театрды, каюта, бассейн мен би залын қоса айнытпай жасамақшы. «Титаник» сол кезде әлемдегі ең үлкен кеме болған. 1912 жылы 15 сәуір түнінде айсбергке соғысқан кеме су астына кетті. Әртүрлі деректер бойынша, апаттың салдарына 1 495-тен 1 635 адамға дейін көз жұмып, 700-ден астамы құтқарылған. Алғаш рет 3,7 мың метр тереңдіктегі кеменің қалдығы 1985 жылы Алтант мұхитының солтүстік бөлігінде табылған.