Латвиядағы жаңа жыл шыршасы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Латвиядағы жаңа жыл шыршасы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Латвиядағы жаңа жыл шыршасы Гиннестің рекордтар кітабына енді
ашық дереккөзі
Латвия астанасы Ригадағы жаңажылдық шырша Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды «Хабар 24». Мерекелік ағашты суретші Руб Голдбергтің әлемдегі ең үлкен машинасы арқылы Рига мэрі Нил Ушаков жақты. Бұл техниканы 300 адам екі ай бойы құрастырған. Құрылғы 400-ден астам түйіннен тұрады. Осылайша ұйымдастырушылар Америка Құрама Штаттарында жасалған қазіргі рекордты жаңартты. Айту керек, аңыз бойынша 1510 жылы Еуропадағы ең алғашқы рождестволық шырша дәл осы қалада орнатылған екен.