Головкин рингке наурызда шығады

Головкин рингке наурызда шығады

Головкин рингке наурызда шығады
ашық дереккөзі
ESPN телеарнасы салмақ дәрежелеріне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының есімін жариялады, деп хабарлады Sports.kz. Өткен жылы топ бастап тұрған Роман Гонсалес пен екінші орынға тоқталған Геннадий Головкиннің көрсеткіші өзгеріссіз, сол қалпында қалды. Үздік ондықтың толық тізімі мынадай: 1. Роман Гонсалес 2. Геннадий Головкин 3. Андре Уорд 4. Сергей Ковалев  5. Василий Ломаченко 6. Теренс Кроуфорд 7. Мэнни Пакьяо 8. Сауль Альварес 9. Гильермо Ригондо 10. Кит Турман. Ал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес келесі жылдың жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Boxingscene.com. "Головкин наурызда рингке шығатыны белгілі. Одан кейін маусымда Қазақстанда жекпе-жек өткізеді. Қыркүйек пен желтоқсанға да кездесулер жоспарлап отырмыз. Біз ойлаған, бұрын атап өткен адамдармен кездескені жақсы. Олай болмаса да, ол рингке шығады. Ол 34 жаста", - деді Санчес.
Осыған дейін Головкиннің 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Дэниел Джейкобспен рингте кездесетіні мәлім болған-ды.