Түркі мемлекеттеріне ортақ телеарна ашылады

Түркі мемлекеттеріне ортақ телеарна ашылады

Түркі мемлекеттеріне ортақ телеарна ашылады
ашық дереккөзі

Былтыр Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркі Кеңесінің IV саммитінде Қазақстан Президенті түркі мемлекеттеріне ортақ телеарна ашу туралы бастама көтерген еді. «Әл-Жазира, ВВС сияқты ол телеарна түркі дүниесін әлемге насихаттауда оң роль атқаратынын», – деген Нұрсұлтан Әбішұлы түрік, ағылшын және орыс тілдерінде хабар таратуды ұсынған. Жуырда Стамбұл қаласында жиналған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан мен Қырғызстан халықаралық телеарналары мен ақпарат агенттіктерінің басшылары ортақ телеарнаның ұстанатын бағыты, қаржылық демеушілері мен бюджеті туралы кеңесті. Түркі Кеңесінің шеңберінде ашылатын бұл телеарна түбі бір түркінің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі, рухани мәселелері жайлы ақпараттық-танымдық бағдарламалар дайындайды. Бүгінде арнайы құрылған жұмыс тобы құқықтық-норматитік құжаттарын дайындап жатыр.

Телеарнаны ашу туралы келісімге биыл Астана қаласында өтетін Түркі кеңесінің V саммитінде қол қойылатын ортақ телеарна Жер шарының түкпір-түкпіріне тарап кеткен түркінің бүгінгі ұрпақтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға  күш салады.

                                             11118243_10204189243677906_750933195_n

11130542_10204189244437925_268090191_n

11120527_10204189242877886_2054657934_n