Трамп бизнестен кететінін мәлімдеді

Трамп бизнестен кететінін мәлімдеді

Трамп бизнестен кететінін мәлімдеді
ашық дереккөзі
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп елді дұрыс басқару үшін бизнестен түбегейлі кететінін мәлімдеді. Миллиардер 15 желтоқсанда Нью-Йоркте үлкен баспасөз конференциясын өткізетінін "Твиттер" арқылы хабарлады.
Бұл жиында Трамп өзінің бизнес-құрылымдарын қалай өткізетіні туралы толығырақ айтып береді. Трамптың айтуынша, оның кәсіпкерліктен бас тартуын міндеттейтін заң жоқ. Соған қарамастан президент мүдделер қайшылығына жол бергісі келмейді. CNN телеарнасының хабарлауынша, Трамп шамамен 500-ге жуық компанияға қожалық етеді, бақылайды немесе басқаруына қатысады. Солардың кем дегенде 150-і шетелде жұмыс істейді. Трамп Forbes рейтингінде 475-орында тұр. Оның байлығы - шамамен 4 миллиард доллар.