Исекешевті Байбекпен шатастырған жүргізуші ұятқа қалды

Исекешевті Байбекпен шатастырған жүргізуші ұятқа қалды

Исекешевті Байбекпен шатастырған жүргізуші ұятқа қалды
ашық дереккөзі
Халықаралық  көрме жүргізушісі Астана әкімі Әсет Исекешевті Алматы әкімі Бауыржан Байбекпен  шатастырып алды, деп хабарлайды NUR.KZ. Бүгін Астанада өткен Халықаралық "Astex Астана "ақылды қала" атты форум-көрмесінде сессия модераторы Андрей Беклемишев Астана әкімі Әсет Исекешевті  Алматы әкімімен шатастырып алды. Сөз сөйлегеннен кейін микрофонға Исекешевті шақырмақ болған Беклемишев жаңылысып қалған. «Ханымдар мен мырзалар, біздің форум алаңында Алматы әкімін қарсы алуларыңызды сұраймын», - деді Беклемишев. «Астананың!», - деп түзеді жиналған қауым. Модератор сол сәтте қатесін түзетіп, кешірім сұрады. Әкім жүргізушінің қателескеніне реніш білдірмей,  күліп қоя салды.