Өзбекстандағы президент сайлауына 1,3 мың журналист қатысады

Өзбекстандағы президент сайлауына 1,3 мың журналист қатысады

Өзбекстандағы президент сайлауына 1,3 мың журналист қатысады
ашық дереккөзі
Өзбекстандағы президент сайлауына қазірдің өзінде 1306 отандық және шетелдік журналист аккредитация алды, деп хабарлады жергілікті баспасөз Өзбекстанның ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, сайлау науқанына қатысты ресми ақпаратты журналистерге тарату үшін Республикалық баспасөз орталығы мен аймақтық сайлау комиссияларының баспасөз орталықтары жұмыс істейді. Қазіргі уақытқа дейін олар 100-ге жуық баспасөз конференциясы мен сайлау науқанының маңызды кезеңдеріне арналған брифинг өткізді. Сайлау науқаны жариялаған күннен бастап отандық және шетелдік баспасөзде 15845 материал жарияланған. Бұған қоса бірыңғай компьютерлік жүйе жұмыс істейді, сол арқылы сайлау күні дауыс беру процесін онлайн режимінде бақылауға, ел аймақтарымен видео-байланыс арқылы диалог жүргізуге болады. 4 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы халықты дауыс беру барысы туралы онлайн-брифингтер арқылы хабардар етіп отырады. Брифингтер Өзбекстан президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі республикалық баспасөз орталығында өтеді.