Кувейтте мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтті

Кувейтте мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтті

Кувейтте мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтті
ашық дереккөзі
Кувейтте мерзімінен бұрын болған Ұлттық жиналыс (парламент) сайлауы аяқталды, деп хабарлайды өңірдегі ҚазАқпарат тілшісі. Биыл 16 қазанда Кувейт әмірі шейх Сабах аль Ахмед Ас-Сабах биліктің атқарушы және заң шығарушы салаларының жанжалына байланысты парламентті тарату туралы декрет жариялады. Елдегі дағдарыс Кувейт билігін Парламент келісімінсіз жанармай бағасын көтеру туралы шешім қабылдауға мәжбүр етті. Мұнай бағасының арзандауынан Кувейт алғаш рет бюджет тапшылығын сезінді. Осыған байланысты билік мемлекеттік қазынаны толтырудың барлық жолдарын қарастыруда. Елдегі кезекті парламент сайлауы 2017 жылдың шілде-тамыз айларында өтуі тиіс еді. 2013 жылы төрт жылға сайланған Ұлттық жиналыс өкілеттілігінің мерзімі 2017 жылы аяқталады. Алдын ала болжам бойынша, сайлауға халықтың 70-80% қатысқан. Кувейт бес округке бөлінген, парламенттегі 50 орынға олардың әрқайсысынан 10 өкілден сайланады. 15-шақырылым парламентіне үміткерлердің жалпы саны 293, олардың 14-і әйел.