Универсиада-2017: 250 комплект киім тігіледі

Универсиада-2017: 250 комплект киім тігіледі

Универсиада-2017: 250 комплект киім тігіледі
ашық дереккөзі
2017 жылы өтетін 28-ші қысқы Универсиада ойындарына қатысатын Қазақстанның студенттер құрамасына киім үлгісін таңдайтын конкурстық комиссияға тек екі жұмыс түскен екен. Бәлкім, бұған ұйымдастырушылар жарысты тек 15-20 қараша аралығында ғана өткізгені себеп шығар. Астанада баспасөз мәслихатын өткізген «Z Industries» компаниясының өкілі Данияр Тебаев: «Құраманың киім үлгісін анықтау үшін осы жылдың 15-20 қарашасы арылығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысына сай, республикалық конкурс өткіздік. Конкурстық комиссияға тек екі жұмыс түсті. Соның ішінен біреуін таңдап алдық», - деді ол. Конкурс жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған екен. Конкурс жеңімпазына енді Универсиадада студенттеріміздің құрамасы  киетін киімнің толық комплектісі сыйға тартылады. «250 комплект киім тігеміз. Киім тігетін материал өте сапалы, барлық талапқа сай болады және аязға шыдамды болмақ. Жеңімпаздың жұмысына қарасаңыздар, киімде көк, көкшіл және ақ түстер бар», - деді Д.Тебаев. Айта кетейік, Универсиада жарыстары - Студенттер арсындағы спорттың халықаралық федерациясының қолдауымен өтетін студенттер арасындағы жарыс.