Прокурорлар шетелде діни оқу орындарында оқитындарды елге қайтаруда

Прокурорлар шетелде діни оқу орындарында оқитындарды елге қайтаруда

Прокурорлар шетелде діни оқу орындарында оқитындарды елге қайтаруда
ашық дереккөзі
Шетелдегі діни жоғары оқу орындарында білім алған студенттер Қазақстанға қайтып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, прокуратура өкілдері қазіргі уақытта облыстың 25 тұрғынының шетелдегі діни жоғары оқу орындарында және дінге деген көзқарасы өзгеше және дәстүрлі емес оқу орындарында білім алып жатқанын айтты. "Жастар және дін" жобасын жүзеге асырудың аясында елімізге шетелде оқып келген 11 студент қайтарылды. Олардың кейбіреулеріне теологиялық оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берілсе, басқалары жұмыспен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, прокуратурадағылар сотталғандармен қалай жұмыс істеп жатқандарын айтты. "Соңғы үш жылда бұрынғы сотталғандардың 99 қылмыс, 120-дан аса әкімшілік құқықбұзушылықтың жасағаны анықталды. Сондай-ақ, 198 адам түрмеге қайтарылды. Бірақ мұның барлығын алдын алуға болар еді ғой", - деді баспасөз қызметіндегілер. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, түрмеден босатылған 270-тен аса адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, олар алғаш рет прокуратура мен соттың қылмыстық іс жасаған ер адамға қатысты кепілгерлік принципін қолданғанын айтты. Мысалы, қылмыс жасаған адамның әкесі қылмыстық жауапкершілікті өз мойнына алып (бірақ олар бостандықта болады), кепіл ретінде 848 400 теңге төлеген.