Сапасыз вакцина алған адамдарды жауапқа тарту керек

Сапасыз вакцина алған адамдарды жауапқа тарту керек

Сапасыз вакцина алған адамдарды жауапқа тарту керек
ашық дереккөзі

Бүгiн ветеринарлық қауiпсiздiк мәселесi талқыланған үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сапасыз вакцина мәселесiн шешудi тапсырды. .

«Вакцинаға қатысты көп проблема шығып отыр. Мұны ендi халықаралық стандарттарға сәйкестендiру керек. Ескерту жасамай, әрекет ету қажет. Сапасыз вакцина болса, жауапты адамдарды тәртiпке шақыру керек. Бұл үлкен жұмыс, қалған бес облыс бойынша сiбiр жарасынан шығу қажет. Мамыр айына дейiн нақты жұмыс жасалуы тиiс. Оның үстiне, көршi елдерде жағдай қалай болып жатқанын өздерiңiз бiлесiздер. Осыған байланысты бiздiң ұстанымымыз нық, тұрақты болып, басқа елдермен де жұмысымыз iлгерiлеуi керек», – дедi Б.Сағынтаев.

Айта кетейiк, сiбiр жарасына қарсы сапасыз вакцинаға қатысты қазiр құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, биыл бiрқатар облыстарда сiбiр жарасы тарап, iндеттi жұқтырған бірнеше дам көз жұмған. Сонымен қатар таяуда парамен ұсталған ҚР Ауылшаруашылығы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновтың қатысы жоқ екені айтылды.