Елімізде пробацияның жаңа екі моделі енгізіледі

Елімізде пробацияның жаңа екі моделі енгізіледі

Елімізде пробацияның жаңа екі моделі енгізіледі
ашық дереккөзі
Қазақстанда пробацияның тағы екі түрі енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Пробация туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті..  «Заң жобасында сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробациялаудың екі жаңа моделі  көзделеді. Бұл өз кезегінде біздің қылмыстық заңнаманы жетілдіруге және халықаралықаралық тәжірибеге жақындатуға ықпал етеді. 2012 жылы еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде пробация қызметі құрылды. Сол кезде қызмет пробациялық қадағалауды бір ғана санаттағы адамдарға қатысты іске асырды, яғни шартты түрде сотталғандарға байланысты. Бізде пробацияның үкімдік моделі ғана жұмыс істеді. Жаңа Қылмыстық-атқару кодексінде пробация қызметінің іс-қимылына кіретін азаматтардың санаты мерзімінен бұрын шартты босату, бас бостандығынан айыруға сотталғандар және сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты  тізіммен толықты. Тәжірибеге пробацияның постпенитенциарлық моделі енгізілді. Осы арқылы бізде пробацияның екі моделі іске асырылуда»,-деді Қ. Қасымов. Қасымовтың айтуынша, сотқа дейінгі пробациялау күдіктінің мінез-құлқын түзетуге, оның қайтадан қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол бермеуге бағытталған әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге негізделеді. Ол кәмелеттік жасқа толмағандарға, 58 және одан да үлкен жастағы әйелдерге, жүкті әйелдерге, сонымен бірге үш жасқа дейін баласы барларға, мүгедектерге,  63 жастан асқан азаматтарға, үш жасқа толмаған баланы жалғыз тәрбиелеп отырғандарға қатысты қолданылады. Ал пенитенциарлық пробация қылмыстық атқару жүйесі мекемесінен бостандыққа шығатын сотталушыны қоғамға бейімдеу мақсатын көздейді.