Қазақстан арқылы жаңа трансқұрлықтық дәліз өтеді

Қазақстан арқылы жаңа трансқұрлықтық дәліз өтеді

Қазақстан арқылы жаңа трансқұрлықтық дәліз өтеді
ашық дереккөзі
Қазақстанның қатысуымен ірі инфрақұрылымдық жобалар жаңа трансқұрлықтық басымдықтарға серпін береді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның делегациясы Нью-Делиде (Индия) теміржолшылардың халықаралық Азия -Тынық мұхит аймағының 22- ассамблеясына  қатысты. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының директоры Батыр Қотыревтің айтуынша, «онда қатысушы мемлекеттердің халықаралық темір жол саласының арасындағы қарым-қатынасты барынша үйлестіріп, сыртқы елдермен байланысты жетілдіреді». Болашақта «ҚТЖ» ҰК» АҚ Азия -Тынық мұхиты аймағындағы түрлі көліктік дәліздердің ықпалдасуына қолдау көрсетеді. Б. Қотырев Ассамблеядағы баяндамасында ҚТЖ-ның табыстарына қысқаша тоқталды. «Қазақстан ел ішінде және сыртта Еуразия құрлығында жүктерді шоғырландыратын логистикалық маңызды орталықтар жасақтауда. Оның ішінде Азия Тынық мұхит, Қытай-Еуропа жаңа мультимодальдық дәлізі бойында Ляньюньган портында, Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Орталық Азиядағы ірі Қорғас құрғақ порты, Каспий жағалауындағы порттар аса маңызды рөлдер атқарады». Ол өз сөзінде Қазақстанның аймақтағы ірі инфрақұрылымдық жобалар мен логистикалық жобаларды жүзеге асыру арқылы Еуразия трансқұрлықтық көлік дәлізіндегі жаңа басымдықтарды дамытуға серпін беретіндігін атап өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ атынан сөз сөйлеген Батыр Қотырев Ассамблея отырысына қатысушыларға алғысын айта келіп, әлемдегі темір жол саласының ықпалдасуына, саладағы жаңа технологиялар мен бастамаларды өндіріске енгізуге жүк жөнелтушілер мен жолаушыларға барынша ыңғайлы әрі тиімді қызмет көрсетуге қажетті жаңа талаптарды игеруге компанияның күш салатындығын жеткізді. Анықтама: Азия -Тынық ассамблеясы алты халықаралық темір жол мекемесінің бірінен саналады. Ассамблеяның қызметінде Азия -Тынық мұхит аймағындағы интермодальдық көлік дәліздеріне басымдық береді. Онда темір жол тасымалын сандық технология бойынша қадағаланады.  Қазіргі таңда Азия - Тынық мұхит аймағы қауымдастығына 38 темір жол компаниялары мен көлік мекемелері кіреді. Халықаралық темір жол Ассамблеясының атқарушы кеңесі басқарушы органы саналады. Оның құрамында «РТЖ» ААҚ, Индия темір жолы, «Қытай темір жолдары» Мемлекеттік корпорациясы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Корей темір жол корпорациясы, Шығыс жапон темір жол компаниясы, Австралия темір жол қауымдастығы бар.