Қытайлық Интерполға басшы болды

Қытайлық Интерполға басшы болды

Қытайлық Интерполға басшы болды
ашық дереккөзі
 Қытайлық Мэн Хунвэй Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының жаңа президенті атанды, деп хабарлады ұйым Туиттер парақшасында. Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары Мэн Хунвэй Интерпол Бас ассамблеясының 85-ші сессиясында ұйым президенті болып сайланды. Қытай өкілі ұйымды 2012 жылғы қарашадан бастап басқарған француздық Мирей Белестразидің орнына келді. 7-10 қараша аралығында төрт күн ішінде Интерполға мүше 161-ші елдің 1,3 мыңнан астам өкілі Балиде үш маңызды мәселені (лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл) қарастыруда.