Елбасы Енсей университетінің Философия ғылымдарының Құрметті докторы атанды

Елбасы Енсей университетінің Философия ғылымдарының Құрметті докторы атанды

Елбасы Енсей университетінің Философия ғылымдарының Құрметті докторы атанды
ашық дереккөзі
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Сеулдегі Енсей университетінде болды. Елбасыға университтің Философия ғылымдарының Құрметті докторы атағы берілді. Өз сөзінде Қазақстан Президенті «болашақ лидерлерді» дайындап жатқан үздік жоғары оқу орнының Құрметті докторы атағын бергені үшін жоғары оқу орны басшылығына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, Елбасы Кореяның білім, ғылым, инновация салаларындағы жетістіктеріне жоғары баға берді. «Қазақстан Тәуелсіздік алған ширек ғасырдан бері білім- ғылым саласына айрықша назар аударып келеді. Біз осы мақсатта жастарымызды əлемнің жетекші оқу орындарына жіберіп, оқытамыз. Қазақстан мен Корея білім саласында тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық орнатып келеді. Бұған Кореяның ғылыми қауымдастығы мен еліміздегі Назарбаев Университетінің, басқа да жоғары оқу орындарының арасындағы əріптестік байланыс — дəлел», — деді Қазақстан Президенті. Елбасының сөзін тыңдау үшін Қазақстаннан барып, осында білім нәрімен сусындап жатқан қазақ жастары көп жиналды. Енсей – Сеулдегі жетекші жекеменшік университет. Ол — Кореяның Сеул ұлттық универсиеті мен Коре универсиетінің қатарында тұрған үздік жоғары оқу орындарының бірі. Университеттің тарихы 1885 жылдан бастау алады.