Елбасы «Tokyo rope Almaty» зауытын іске қосты

Елбасы «Tokyo rope Almaty» зауытын іске қосты

Елбасы «Tokyo rope Almaty» зауытын іске қосты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапары барысында  «Tokyo Rope» компаниясына барды.  Мұнда Елбасы ең алдымен, зауыттың жұмысымен, тыныс-тіршілігімен, шығаратын өнімдермен танысты.  Бұдан кейін Президент компанияның Қазақстанның Алматы қаласындағы өкілдігі «Tokyo Rope Almaty»-мен дистанциялық байланыс орнатқан телекөпір рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсім барысында  «Tokyo Rope» компаниясының президенті Шигето Танака мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйледі.  Бұдан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев зауыт тетігінің іске қосылуына рұқсат берді. Болаттан жасалған металл бұйымдарын өндіретін «Tokyo Rope» компаниясының негізі 1887 жылы қаланған. Қазіргі таңда ол болаттан жасалған арқандарды  өндіруші әлемдік лидерлердің қатарында тұр. Мәселен, дүниежүзіндегі ең танымал 20 көпірдің 12-сінің құрылысын салу кезінде «Токио Роуп» компаниясының болат арқандары қолданылған. Бұл көпірлердің қатарында  Мысырдағы Суэцк каналы арқылы өтетін көпір, АҚШ-тағы Тартар көпірі, Түркиядағы Босфор теңізі арқылы өтетін көпір, ҚХР-дағы Стоункатер көпірі, Оңтүстік Кореядағы Инчхон көпірі бар. «Tokyo Rope» сонымен қатар, металлокорд, лифт арқандарын, жедел лифтілерге арналған арқандарды, у-шуды өткізбейтін қабырғаларды, көлік дөңгелектеріне арналған металлокордтарды,  тасқын су мен селге қарсы тұратын құрылғыларды, күн энергетикасына арналған өнімдерді, металдан және болаттан жасалған басқа да бұйымдар мен  өнімдерді өндіреді. Қазіргі таңда  компанияның өндірістік қуатын Жапониядағы 5 зауыт  жүзеге асырады. Олардың бірі әлемдегі болат арқандарын  өндіретін ең үлкен зауыт саналады.  Мұндай зауыттардың 3-і ҚХР-да, 3 зауыт  Вьетнамда, АҚШ-та және Ресейде орналасқан.  Компания қызметкерлерінің саны 1881 адамды құрайды. Ал бұл компанияның Қазақстанмен қандай байланысы бар? 2008 жылы 2011 жылы Алматыда өткізілетін Азия Ойындарына дайындықтардың  қарсаңында  «Токио Роуп» компаниясы «Медеу-Шымбұлақ» бағыты бойынша өтетін автожол аумағындағы шатқал қуыстарын бекітетін құрылыс жұмыстарын салуға тартылады. Компания мамандары тасқын суға қарсы тұра алатын құрылғыларға қатысты жобалар әзірлеп, болашақта оларды Қазақстанда пайдалану жөніндегі мәселені қарастырады.  2015 жылдан бастап «Tokyo Rope» компаниясы Алматы қаласында   болаттан жасалған  бұйымдарды өндіретін жоғары технологиялық зауыттар мен цехтардың құрылысын салу туралы жобаны жүзеге асыруда.