Қазақстанда синтетикалық есірткіні тұтыну ұлғаюы мүмкін

Қазақстанда синтетикалық есірткіні тұтыну ұлғаюы мүмкін

Қазақстанда синтетикалық есірткіні тұтыну ұлғаюы мүмкін
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда синтетикалық есірткіні тұтыну көлемі ұлғаяды деп болжап отыр. "Героин жеткізу көлемі кеміген кезде, есірткі пайдаланушылар нашаның өзге түрлерін іздей бастайды. Сондықтан біздің болжам бойынша, синтетикалық есірткіні пайдалану көлемі арта түсуі ықтимал. Ол қазірдің өзінде байқала бастады. Елге синтетикалық есірткілердің үлкен ағыны түсе бастады", - дейді Астанада өткен ҰҚШҰ елдерінің заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес органдарының үйлестіруші кеңесінің 18-отырысында ІІМ есірткі бизнесіне және есірткі айналымына қарсы күрес департаментінің басшысы Сұлтан Күсетов. Өз кезегінде ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов есірткі саудасына қатысты негізгі мәселелерді көтерді. "Біріншісі - ол ауған героинін біздің мемлекет арқылы Ресейге, Еуропаға тасымалдау. Әрине, ол нашаның бір бөлігі біздің елде қалып қояды. Мұнда біздің негізгі басымдық - героин контрабандасына тосқауыл қою, ірі есірткі тасымалдаушыларды, осы салада қызмет етіп жүрген қылмыстық топ ұйымдарын анықтау. Осы салада бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Бюджеттік қаражаттар негізінен оңтүстік шекара бекеттерін нығайтуға, шекара қызметтеріне, кедендік органдарға жұмсалды", - деді министр. "Екінші - мариxуана мен гашишті өндіруге қажетті шикі өніммен қамтамасыз етіп отырған Жамбыл облысындағы 140 гектар жабайы сора алқабы.  Сондықтан бұл аймақта арнайы мақсаттағы бөлімшелердің, арнайы көлік және тікұшақ теxникаларының тартылуымен ауқымды жедел-алдын алу шаралары жиі өтіп тұрады", - деді Қ. Қасымов. Министрдің ақпараты бойынша, Қазақстанда ішкі істер органдары жылына 3 мыңнан астам есірткі қылмыстары анықтайды. Шамамен 30 тонна есірткі, соның ішінде 150 келі героин тәркіленеді.