Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан ағылшынша QAZAQSTAN деп жазылуы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан ағылшынша QAZAQSTAN деп жазылуы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан ағылшынша QAZAQSTAN деп жазылуы тиіс
ашық дереккөзі
  ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» сөзінің ағылшын тілінде дұрыс жазылуы мәселесін көтерді. Депутат аталмыш тілде еліміздің атауын жазғанда ағылшын әліпбиіндегі «Qq» (кью) әрпін пайдалану жөн деп санайды. «KAZAKHSTAN-нан гөрі ағылшын тілінде QAZAQSTAN еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетпек», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында. Бұл туралы пікір білдірушілер бұл бастаманы қолдап отыр. Қанат Әуесбай, журналист:
  • Саяси тұрғысынан болсын, лингвистикалық тұрғыдан да өте дұрыс ұсыныс санаймын. Задында еліміз латын қарпін пайдаланған Кеңес Одағы кезінде де біз Qazaqstan едік, кейін қайта Kazakhstan боп кеттік. Ағылшын тілінде "Q" əрпінен басталатын жалғыз ғана Qatar ғана болса енді Қатардың қатарына көп ұзамай Қазақстан, ізінше Қырғыз республикасы да қосылуы мүмкін деуге негіз бар. Олай болса, көп ұзамай ағылшынша K əрпінен жазылатын көп сөз Q əрпіне ауыстырылуы мүмкін. AQorda, Qyzylorda, Qaskelen, TaldyQorgan, Qazaly, Qaragandy, Qyzylagash, Qostanay, Qarqaraly деп кете барады.