Астана жол полициясы не үшін пара алады?

Астана жол полициясы не үшін пара алады?

Астана жол полициясы не үшін пара алады?
ашық дереккөзі
Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев мәслихат депутаттарымен кездесу кезінде полицейлердің пара алуының негізгі себептеріне тоқталды, деп хабарлайды Вaq.kz.
 «Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері көшеде біреуді тоқтатса, олар пара ұсынатыны жасырын емес. Шынымен де қызметкерлер жемқорлыққа жол беріп жатады. Қазақта: «Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген сөз бар. Олар үнемі осындай жағдайға тап болатыны сондықтан», – дейді Бақытжан Малыбаев.
Оның айтуынша, Астанада жыл басынан бері пара алған 12 қызметкер жұмысынан қуылған. «Мен өз қызметкерлерімді қорғап жатқан жоқпын. Жалпы, биылғы жылдың 9 айында Астанада 280 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 12-сі пара алған полицейлерге қатысты. Енді сол 280 мыңның 12-сін пайызға шаққанда көрсеткіш өте төмен екені белгілі. Бірақ мен жауапкершіліктен қашпаймын. Осы тұрғыда жұмыс істеп жатырмыз», –дейді полиция қызметінің басшысы. informburo.kz порталының мәліметінше, Бақытжан Малыбаев полицейлердің пара алуына жалақының төмен болуы да себеп болып отырғанын айтқан. «Күн сайын жалақыны көтеру қажет екенін айтып келеміз. Ішкі істер министрлігіне ұсыныс жасадық. Ең болмаса әкімшілік қолдаса жақсы болар еді. Сержант қызметіндегілер 55-60 мың теңге көлемінде алады. Ал көп жылдық тәжірибесі барлардың жалақысы 80 мыңнан аспайды. Олардың дені пәтер жалдап тұрады», – дейді ол. Жалақы төмен болғандықтан кадр тапшылығы бар екен. Оның айтуынша, Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметіне 218 маман қажет.