ЭКСПО қалашығындағы пәтердің жалдау құны қанша?

ЭКСПО қалашығындағы пәтердің жалдау құны қанша?

ЭКСПО қалашығындағы пәтердің жалдау құны қанша?
ашық дереккөзі
Астанадағы ЭКСПО көрмесіне қатысатын елдердің арасында бүгін бес ел өз павильондарын иеленді. «Астана-2017 ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бүгін Франция, Германия, Түркия, Венгрия және Қытай мемлекетіне павильондардың құжаты мен ЭКСПО қалашықтағы пәтерлердің сертификатын табыстады. Шетелдік павильондарды толтыруға келген қызметкерлер ЭКСПО қалашықтағы пәтерлерді жалдап тұрады. Люкс класты пәтерлердің бір күнгі жалға алу құны 40-50 мың теңгені құрайды екен. Бұл туралы Экспо қалашықтың басқарушы директоры Ғалымжан Қарымсақов мәлім етті. Қазір 40 пәтер толық жабдықталды, олардың 30 пайызы «Gold» класты пәтерлер, қалғандары «Silver» дәрежесінде. Жуық арада қалашықтағы пәтерлерді 3 классқа бөлуді көздеп отырмыз. Көбінесе, бұл пәтерлер шетелдердің комиссарлары тұратын үйлер»,-деді журналистермен әңгімелескен Қарымсақов. «40 пәтерді үш аптада толық жабдықтадық. Жалпы, ЭКСПО көрмесіне байланысты әр елдің павильонында жұмыс істеуге келген адамдардың жатып-тұруы үшін 750 пәтер салынады деп жоспарланған. Бұл пәтерлерді наурыз айына дейін аяқтау керек. Қараша айында тағы 150 пәтерді жалға тапсырамыз»,-дейді ол. Сонымен, «алтын» класты пәтерлердің аумағы 100 шаршы метрді құрайды екен. Әрине, «Gold» класты пәтердің жиһазы да, тұрмыстық техникасы да ішінен табылады, «күміс» класты пәтерлерде кір жуатын машина, тоңазтқыш, теледидар орнатылады. Айта кетейік, Экспо кешенінің аумағы 175 гектарды құрап жатыр.