ЭКСПО-2017-ге жұмысқа келген шетелдіктерге виза мерзімі ұзартылады

ЭКСПО-2017-ге жұмысқа келген шетелдіктерге виза мерзімі ұзартылады

ЭКСПО-2017-ге жұмысқа келген шетелдіктерге виза мерзімі ұзартылады
ашық дереккөзі
ЭКСПО-2017 көрмесіне жұмысқа келген шетелдіктер үшін Қазақстанға келу мерзімі ұзартылады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің директоры Серік Саинов мәлім етті. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ЭКСПО-2017 көрмесінің нысанын салу барысында ресми түрде жұмыс істейтін шетелдік жұмысшыларға ешқандай квота немесе рұқсат қағаздары керек емес екендігін атап өтті. «Мәселе тек олардың тіркелуінде ғана. Біздің тарапымыздан, министрлік жағынан ешқандай квота немесе рұқсат құжаттарын алу керек емес. Бірақ Ішкі істер министрлігінде тіркелу міндетті», - деді Тамара Дүйсенова. Өз кезегінде ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер 5 күндік тіркелу режимін ұстанулары шарт. «Олар виза бойынша қанша болуы тиіс болса, сонша бола алады. Бізде тек ЕуразЭҚ елдеріне ғана шектеу жоқ. Оларға 30 күндік тіркелу режимі енгізілген. Яғни олар тіркеуден соң, елімізде 30 күн емін-еркін жүре алады», - деді ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов. ҚР заңнамасына сәйкес, шетелдіктер бес күн ішінде тіркеуден өтулері тиіс. Содан кейін ғана олар Қазақстанда тағы 1 ай тұра алады. Дегенмен Саиновтың сөзіне қарағанда, ЭКСПО-2017 көрмесіне жұмыс істеуге келген шетелдіктердің келу мерзімі ұзартылып отырады.