1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған көрме ашылды

1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған көрме ашылды

1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған көрме ашылды
ашық дереккөзі
Алматы қаласының Қастеев атындағы Орталық мемлекеттік мұражайында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған "Қазақ көтерілістері. Еркіндікке ұмтылыс" атты көрме жұмыс істей бастады.
Көрме бір ғасыр бұрын наразылықтың ірі ошақтары - Семей және Торғай өңірлеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер туралы мағлұмат береді. Мұнда көтерілістердің қалай өрбігені ғана емес, оған кімдер қатысқаны туралы білуге болады. Ресей империясына қарсы бас көтерулер бүкіл Орта Азияны қамтыды. Оған 19-дан 43 жасқа дейінгі ер азаматтарды тыл жұмысына мәжбүрлеп тарту туралы бұйрық түрткі болды. Көтерілістің тағы бір себебі - Ресейден көшіп келушілер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жер мәселесі. Көтеріліс 1916 жылы Худжантта басталып, ресейлік жазалаушы әскерімен жаншылды. Халық наразылығы кей жерлерде 1917 жылдың басына дейін созылды.