Қазақстан журналистері Матаевқа қолдау көрсетті

Қазақстан журналистері Матаевқа қолдау көрсетті

Қазақстан журналистері Матаевқа қолдау көрсетті
ашық дереккөзі
Қазақстан журналистер одағы өздерінің төрағалары Сейітқазы Матаевқа сенім білдірді. Бұл жөнінде одақтың кеңейтілген отырысына қатысушылар мәлімдеді.
Отырыста қабылданған қарарда атап өтілгендей, «айыптау қорытындысы мен үкімде бірнеше рет қайталанған ақпарат комитеті мен «Қазақтелеком» арасындағы іскери байланысты Сейтқазы Матаев қылмыстық ниетпен және «ақша жымқыру мақсатымен» жүзеге асырған деген пайымдаулар құрғақ сөз болып табылады». 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі шығып, Қазақстан журналистер одағының басшысы 6 жылға, оның ұлы ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаев 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Халықаралық «Журналистерді қорғау комитеті» Қазақстан билігін Матаевқа тағылған айыптарды жойып, оны босатуды шақырды.