Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
ашық дереккөзі
Қырғызстан парламенті коалициясынан Социал демократиялық партия мүшелерінің көпшілігі шығатынын мәлімдеген соң үкімет отставкаға кететін болды. Социал-демократтар лидері Иса Омуркулов «Ата мекен» және «Онугуу-Прогресс» партия мүшелерімен түсінбеушілік туындады дейді.
Фракцияның мәлімдемесінде коалиция мүшелерімен келіспеушілік бұрыннан туындап келеді, бұл жағдайда енді социал демократтар бір бола алмайтыны айтылған. «Біз Ақаев пен Бакиевтің ортақ мүдделестері мен олардың тапсырмасын алып отыратын адамдармен, ұлттық мүддеге қайшы келетіндермен бір коалицияда бола алмаймыз. Мұның бәрі конституциялық реформа жасар алдында анық болды», - делінген мәлімдемеде. Қырғызстанның Социал демократиялық партиясының коалициядан шығуына «Онугуу-Прогресс» мүшелерінің Конституцияға өзгеріс енгізуге байланысты референдумды қолдаудан бас тартуы себеп болды дейді. Премьер-министрдің баспасөз хатшысы Чынгыз Эсенгулдің сөздерінше, егер коалиция тараса, үкімет оставкаға кетеді. Одан әрі президенттің жаңа үкіметті жасақтау туралы жарлығы шығу керек.