Алматы қаласы мен «Даму» Қоры 4 миллиардтық келісімге қол қойды

Алматы қаласы мен «Даму» Қоры 4 миллиардтық келісімге қол қойды

Алматы қаласы мен «Даму» Қоры 4 миллиардтық келісімге қол қойды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық әкімшілігі мен «Даму» Қоры қаланың туризм, инновация және тамақ өнеркәсібі саласын қаржыландыруға 4 миллиард теңге бөлді. Мұндай меморандумға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин және шаһардың бизнес өкілдері қатысқан Алматы Іскерлік кеңесінің отырысында қол қойды. Қаражат қаланың туризм, инновация және тамақ өнеркәсібі саласын қаржыландыруға бағытталады. Бірлескен қаржыландыру екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Мұнымен қатар екі тарап «Алматы туризм» «Алматы өнім» «Алматы инновациялар»  бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттың кем дегенде 25 пайызы  start-up жобаларға берілуі керек деп келісті. Мұнымен қатар екі тарап «Алматы туризм» «Алматы өнім» «Алматы инновациялар»  бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттың кем дегенде 25 пайызы  start-up жобаларға берілуі керек деп келісті. «Алматы қаласы – шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жағынан алғашқы орында. Шаһарда 182 шағын жәні орта бизнес кәсіпорындары бар. Бұл республикалық көрсеткіштің 15 пайызы. Жұмыспен қамтылған халық саны жағынан да бірінші орында. Дегенмен жеңілдікпен несиелендіруді қажет ететін салалар да бар. Ол – туризм, тамақ өнеркәсібі және инновациялық салалар. Мысалы «Алматы туризм» бағдарламасы бойынша біз қолөнер шеберлерін ерекше кәдесыйлар жасауға ынталандырғымыз келеді. Бұл алдағы 2017 жылғы Универсиада мен ЭКСПО-2017 кезінде маңызды. «Алматы өнiм» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер тамақ пен алкогольсіз сусын шығаруға жеңілдікті несиеге, фермерлер өз өнімдерін өткізетін нарыққа қол жеткізеді. Ең бастысы – бөлінген қаражаттың 25 пайызы жаңа кәсіпорындар мен жаңа бағыттарды қолға алатын start-up жобаларға бөлінетіні. Әкімшілік үшін бұл қала бюджетіне түсетін салық пен жаңа жұмыс орындары», – деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.